Қазақстан-қырғыз шекарасында кедендік тексеріс жүргізу барысында етік ішінен сынап табылды - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстан-қырғыз шекарасында кедендік тексерістер барысында «Сыпатай» кеден бекеті мен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері көрші қырғыз елінің азаматына тиесілі етіктің ішінен сынап тапты.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Улы зат Қырғызстан азаматына тиесілі «Даймлер бенц» автокөлігін тексеру кезінде табылды. Көлік ішінен ішінде «Сушки» деген жазуы бар ашық қалтаға сұр түсті сұйықтық пен тас тәріздес зат салынған етік табылды.
Тәркіленген заттар сараптама қорытындысы бойынша металл сынабы болып табылып, ол улы заттарға жататыны анықталды.
Бір елден екінші елге осыншама улы затты тасымалдаудың қандай қажеттілігі болды, оны осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс кезінде тергеушілер анықтайтын болады.