Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 22 адам трансұлттық топ құрды деген айыппен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 22 адам трансұлттық топ құрды деген айыппен ұсталды. Бұл туралы бүгiн ҚР әскери сотында өткен жиында Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Ербол Ахметжанов мәлiм еттi.

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 22 адам трансұлттық топ құрды деген айыппен ұсталды

Қорғас iсі қаралған Алматыда 22 адамға қатысты тағы да бiр трансұлттық қылмыстық iс қаралатын болады. Бұл iс Алматыға түстi. Жақын арада басты соттық iс қарау анықталады. Тергеу аяқталды және оны қарау бастапқыда Тараз қаласында өттi. Себебi ол оқиға Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған.

"Аталмыш қылмыстық iс Қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының өндiрiсiнде. Қазiргi таңда алдын ала тыңдаулар жүруде. Алдын ала тыңдау Тараз қаласында сот отырысында өткен. Алдын ала тыңдауды жалғастыру мақсатында күдiктiлер Алматы қаласына көшiрiлдi. Келесi алдын ала тыңдаулар 16 сәуiрде өтедi деп белгiленген. Әзiрге ол қылмыстық-процессуалдық заңға сәйкес, жабық сот отырысында тыңдалады. Кейiн негiзгi соттық iстi қарау күнi белгiленедi. Осы iстiң фигуранттары ретiнде 3 әскери қызметкер өтуде. Бiреуi офицерлiк құрамның, екеуi келiсiмшарт бойынша қызмет етiп жүрген қызметкерлер, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кiрдi, экономикалық контрабандаға қатысы бар және мемлекеттiк шекараны заңсыз бұзды деп айыпталып отырған 14 азамат - Қырғызстан азаматтары. Жалпы 22 адам тергеуге алынды, оның 21-i - қамауда. Қырғызстан тарапынан ұсталғандар әскери қызметкерлер болып табылмайды", - дедi Е.Ахметжанов. Оның айтуынша, мұндай қылмысқа кемiнде 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

"Оларға қатысты қандай санкция күтiп отырғандығын қазiр айту дұрыс емес. Қазақстанның кез келген азаматы тек сот шешiмi заңды түрде енгеннен кейiн ғана айыпты деп танылады. Олар трансұлттық ұйымдасқан топ құрды деп айыпталып отырғандықтан, қылмыстың бұл түрi аса ауыр болып есептеледi. Оған жауапкершiлiк ретiнде 12 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп атап өттi сот төрағасы.

Контрабанда халық тұтынатын тауарларға қатысты болған. 14 жүк көлiгi Қазақстанның Қырғызстанмен шектесетiн мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өткен және Қазақстанның әскери құқық қорғау органдарымен ұсталды.