Қазақстан - Қырғызстан шекарасында автобустан қару мен оқ-дәрілер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Қырғызстан мемлекеттік шекарасында тапанша мен оқ-дәрілерді алып өтуге тырысқан автобустың екі жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қазақстан - Қырғызстан шекарасында автобустан қару мен оқ-дәрілер табылды

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Қордай» бақылау-өткізу бекетінің шекара отряды «Бішкек - Шымкент» бағытында келе жатқан жолаушылар автобусына шекаралық бақылау жасау кезінде одан 2 тапанша мен оның тоғыз патронын өткізуге тырысқандардың айласын әшкереледі.

Инспекционды-тексеру құрылғысы жолаушылардың заттарын қарау кезінде теледидардың қабырғасына жапсырылып тұрған бөтен затты анықтады.

Шекарашылармен бірге жүрген қызметтік ит те оқ-дәрінің иісін сезді. Теледидарды ашып қарағанда оның артқы қабырғасына ұқыпты жапсырылған Макаров тапаншасы мен оған арналған 9 патрон табылды.

Автобус жүргізушісінің сөзіне қарағанда,, теледидар әлдекімнің «сәлемдемесі» көрінеді.