Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Батыс Тянь-Шаньды Әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 2016 жылдың 10-20 шілде аралығында Ыстамбұлдың конгресс орталығында (Түркия) өтетін 40-сессия барысында ЮНЕСКО Әлемдік мұра Комитеті Әлемдік мұра тізіміне ену үшін берілген 29 өтінімді қарайды.

 Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Батыс Тянь-Шаньды Әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынды

Түркияның елшісі және Сыртқы істер министрлігінің мәдениет және туризм бөлімінің бас директоры Лале Улькер Комитет төрайымы болып сайланды.

ЮНЕСКО аңдатпасында хабарланғандай, Комитет 9 табиғи, 16 мәдени және 4 аралас (табиғи-мәдени) нысанның кандидатурасын қарайды. Одан бөлек, алдағы сессияда Комитет Әлемдік мұра тізіміне енген 108 нысанның және апатты жағдайда тұрған 48 нысанның жай-күйін тексермек.

Комитет отырысының тікелей трансляциясы www.whc.unesco.org. сайтында жүргізілетін болады.

Әлемдік мұра тізіміне енгізу үшін мына нысандар ұсынылды:

Табиғи нысандар:

  • Мистейкен Пойнт (Канада)
  • Хубей провинциясындағы Шэньнунцзя (Қытай)

• Шен-де-Пюи тау тізбектеріндегі және Лиман жеріндегі тектоникалық-жанартаулық түзілім (Франция)                                                                       

  • Деште-Лут шөлі (Иран Ислам Республикасы)
  • Батыс Тянь-Шань (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
  • Ревилья-Хихедо архипелагы (Мексика)

• «Санганеб» және «Дунгонаб - Мековар бухтасы» аралы ұлттық теңіз қорықтары (Судан)

  • Кенг Крачан орман кешені (Тайианд)
  • Койтендаг тау экожүйелері (Түркменстан)

Аралас табиғи-мәдени нысандар:

  • Пимачиовин Аки (Канада)
  • Канченджанга ұлттық паркі (Үндістан)

• Ирак оңтүстігіндегі месопотамиялық батпақтар: Месопотамия қалаларының биологиялық алуан түрлілік орталығы және ескіден қалған ландшафттары (Ирак) 

  • Эннеди тау үстіртінің табиғи-мәдени ландшафты (Чад)

Мәдени нысандар:
• Ле Корбюзье сәулеттік мұрасы: модернизмге қосқан өлшеусіз үлес (Германия, Аргентина, Бельгия, Франция, Үндістан, Жапония, Швейцария)
• Антигуадағы Нельсонның кеме жасайтын орны және онымен байланысты сәулеттік нысандар (Антигуа және Барбуда)
• Стечки - ортағасырлық мазарлар (Босния және Герцеговина, Хорватия, Черногория, Сербия)

  • Модернизм стиліндегі Пампулья кешені (Бразилия)

• Цзоцзян Хуашань тасқа қашау өнерінің  мәдени ландшафты (Қытай)
• Задар түбегіндегі монументтік құрылыс кешенінде орналасқан римдік урбанизм (Хорватия)

  • Антекера жалпақ тастар құрылысы (Испания)
    Фрэнк Ллойд Райт сәулеттік модернизмінің аса көрнекті ескерткіштері (Америка Құрама Штаттары) Филипп қаласының археологиялық кешені (Грекия)
  • Наланд Махавихардың қалпына келтірілген үйінділері (Үндістан)
  • Парсы кәрізі (Иран Ислам Республикасы)

• Нан-Мадол: Шығыс Микронезияның діни орталығы (Микронезия Федерациялық Штаттары)
• Панама қаласының тарихи орталығы және археологиялық ескерткіштері [«Панама-Вьехо археологиялық ескерткіштері және Панама қаласының тарихи бөлігі» нысанының шекарасын елеулі түрде өзгерту] (Панама)
• . Гибралтардағы неандерталдықтардың үңгірлері және іргелес аумақтар (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі)

  • Пхупхрабат тарихи паркі (Таиланд)
  • Ани археологиялық нысаны (Түркия)

Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер тізіміне төмендегі нысандар ұсынылды:

  • Джа фауналық қорығы (Камерун)

• Таламанка-Рейндж және Ла-Амистад резерваттары/Ла-Амистад ұлттық паркі (Коста-Рика/Панама)

  • Омо өзенінің төменгі ағысындағы аңғар (Эфиопия)
  • Дженне көне қалалары (Мали)
  • Катманду аңғары (Непал)
  • Шахрисабз қаласының тарихи орталығы (Өзбекстан)
  • Донгфаяйен-Кхауяй орман кешені (Таиланд)


Әлемдік мұра комитеті сессиясы қарсаңында 29 маусым-12 шілде күндері Ыстамбұл қаласында жастар мәселесі жөніндегі сарапшылар форумы өтеді. Форумға мұраны сақтау, қорғау жұмыстарына қызығушылық танытқан әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас мамандар қатысады.  Форум соңында қатысушылар Әлемдік мұра комитетінің 40-сессиясының ашылуында таныстырылатын декларация қабылдайтын болады.