Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі Қырғызстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

«27-28 тамызда Беловодское темір жолына Қазақстан Республикасынан 5 мың адамға арналған шатыр, жылыту пеші, көрпе, төсек-орын, ас-үй керек-жарақтары түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді»,- делінген хабарламада.

Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету шешімін Қазақстан үкіметі қабылдағаны атап өтіледі. Көмек төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға арналған.