Қазақстан Қытай АЭС-терін уран отынымен қамтамасыз етеді - Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қытай АЭС-терін уран отынымен қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азиядағы ядролық кооперациялар форумының министрлер деңгейіндегі 18-кеңесі аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Қытай АЭС-терін уран отынымен қамтамасыз етеді - Бозымбаев

Министрдің дерегінше, бүгінде Қазақстан уран өндіруде көшбасы ел саналады. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен оның серіктес, еншілес  компаниялары, бірлескен кәсіпорындары әлемдік нарыққа табиғи уранның шамамен 40 пайызын шығарып отыр.

«Бұл іс жүзінде жақсы да. Бірақ, біздің сала алдына қойып отырған міндетіміз - әлемдік нарықта уран өндіру мен сатуда әлемдік көшбасшы болып қала беруді жалғастыру, мұнымен ғана шектелмей жоғары өңделген өнімді сату бойынша жаһандық ірі ойыншыға біртіндеп айналу. Ол дегеніміз атом стансалары үшін отын шығару және Қазақстан осы жолда ілгерілеп келеді», - деді министр.

Осы ретте ол қазіргі уақытта еліміздің уран саласында бірқатар қайта өңделген өнім жоқ екендігін еске салып өтті.

«Өздеріңізде білетіндей,  Қазақстанда бірқатар қайта өңделген өнім жоқ. Сондықтан да ресейлік серіктестермен бірлескен кәсіпорын құрылды. Онда уранды байыту операцияларын жүргізуге болады. Қазіргі уақытта біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз және 2019 жылы қытайлық серіктесермен отындық жиынтықтарды шығаратын зауыт құрылысы аяқталады. Ал 2019-2020 жылдары аталған отын жиынтығымен Қытайдың алғашқы 5 электр стансасын қамтамасыз ете бастаймыз», - деді Бозымбаев.

null