«Қазақстан-Қытай» газ құбыры 30 млрд. текше метрге жуық транзиттік газ тасымалдады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда «Қазақстан-Қытай» газ құбырында бірінші учаскенің 1-ші және 2-ші тармақтарының құрылысы аяқталып, іске қосылды, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.
None
None

«Бүгінгі таңда құбыр арқылы 30 млрд. текше метрге жуық транзиттік газ тасымалданды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кету керек, компрессорлық стансалардың құрылысын қоса алғанда «Қазақстан-Қытай» газ құбырының 1-ші учаскесінің құрылысын 2012 жылдың соңына қарай толық аяқтап, іске қосу жоспарлануда. Жылдық қуаты 30 млрд. текшеметрді құрайтын жобаның қуатын кейіннен 40 млрд. текше метрге жеткізу қарастырылған. Оған қоса, қазіргі таңда Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-ші учаскесінің үшінші тармағының құрылыс мәселесі зерделенуде. Үшінші тармақтың арқасында құбырдың  жылдық қуатын 65  млрд. текшеметрге  жеткізу жоспарлануда.

Қазақстан-Қытай газ құбырын тарту жобасын «ҚазТрансГаз» АҚ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited компаниясы тең негізде құрған бірлескен қазақстан-қытай жобалау компаниясы - «Азиялық Газ құюыры» ЖШС жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар