Қазақстан-қытай шекарасында 40 құндыз тонды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар қазақстан-қытай шекарасында құндыз терілерінен тігілген бұйымдардың екі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды шекара бойы ынтымақтастығы аумағындағы сауда орындарынан жаяулатып қайтып келе жатқан екі қазақстандықты ұстады.
Олардың әрқайсысы өздерімен бірге жарияланымсыз, қол жүктерімен бірге құндыздан тігілген 20 тон және 20 шарфты алып өтпек болған. Сонымен, барлығы 40 құндыз тон және 40 шарф контрабандалық жолмен енгізілмек болған.
Ұсталған азаматтар туралы құқық қорғау орындары құлақтандырылды.