Қазақстан-Қытай шекарасында компьютерлік құрылғыларды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасының бойында байланыс саласында және компьютерлік техникаларда қолданылатын қомақты көлемдегі заттарды заңсыз түрде әкетуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып.
Нақтырақ айтқанда, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Шайман» деп аталатын арнайы көлікті мініп, Қытайдан Қазақстанға қарай келе жатқан 35 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.
Шекаралық бақылау өткізу кезінде одан заңсыз жүктер табылды - модемдер (100 дана), зарядтық құрылғылар (33 дана), бекіткіштер (19 дана), лазерлер (16 дана) және 1 жадысы ауқымды диск бар.
Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес органдарға хабарландырылды.