Қазақстан - Қытай шекарасында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 21 мамыр күні Алматы уақытымен 19 сағат 07 минут 26 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан - Қытай шекарасында жер сілкінді

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 499 шақырым қашықтықта, Қазақстан - Қытай шекарасында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.2, ошағының тереңдігі - 5 км», - делінген хабарламада.