Қазақстан-Қытай шекарасындағы арықтан 3 тоннадан астам тауар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында бір тәуліктің ішінде заңсыз дәрі-дәрмекті тасымалдаудың жолы кесіліп, ірі көлемдегі иесіз қалған жүк табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.  

Қазақстан-Қытай шекарасындағы арықтан 3 тоннадан астам тауар табылды

«Қорғас» ШБЖ бекетінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді құжатсыз алып өтпек болған 32 жастағы Қазақстан азаматы ұстады. Ол салмағы 24 келі қол жүгін тексеру барысында табылды. Қазақстандық Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығынан келе жатқан. 

Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағын тексеру кезінде арықтардан күнделікті тұтыну тауарлары салынған 200 қорап табылған, оның салмағы 3 тоннадан асқан.

Барлық фактілер туралы мүдделі органдарының өкілдеріне ақпарат берілді.