Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды - С.Мыңбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.

Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуін қысқартпайды - С.Мыңбаев

«Қытай мұнай бағасының төмендеуінен ұтысқа шығып отырған ел. Өйткені, ҚХР мұнайды нетто-экспорттаушы болып табылады. Қытайға қазақстандық мұнайды жеткізу көлемі бойынша әзірше, айтарлықтай өзгерістер жоқ. Мен бұл ретте бағаның өзгеруіне қатысты айтып отырмын. Бүгінде бұл көлем жылына шамамен 5 млн. тоннаны құрайды. Иә, біз 7 млн. тонна ресейлік мұнайды да тасымалдап отырмыз. Осылайша қытай тарабы жылына шамамен 12 млн. тонна мұнай алады», - деді С.Мыңбаев.