Қазақстан қыздар құрамасы Тюрингия кубогының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасы Тюрингия кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Германияда жастар арасында өткен халықаралық Тюрингия кубогының командалық сайысында Қазақстан құрамасының қыздары жүлделі орынға ие болды. Олар қола үшін күресте татами иелерін (Германия) жеңіп, жүлделі орынға қол жеткізді.
Командалық сайыста Қазақстан намысын 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек, 52 келіде Айдана Бұғылбаева, 57 келіде Аида Карчаева, 63 келіде Мөлдір Нарынова, 70 келіде Жания Махмудова, 78 келіде Назерке Тілеуханова, 78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш қорғады.