Қазақстан Лондондағы «WTM-2017» халықаралық туристік көрмесіне қатысты
WTM қызметі әртүрлі елдердің ұлттық компанияларында, туроператорлар мен турагенттіктерде, авиакомпанияларда, қонақ үй желілерінде, сауда және туристік ассоциацияларда, бос уақытты және демалуды ұйымдастырушылардың, жергілікті және аймақтық туристік кеңестердің қызметтерін ұсынады. Бұл Ұлыбританияның ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде туризм саласында мамандарға арналған ең танымал және ауқымды көрмелердің бірі.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық стенді ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті ҚР Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Павильонның жұмысына облыстың туризм басқармаларының өкілдері, Қазақстанның жетекші туристік және ұлттық компаниялары қатысты.
Қазақстан делегациясының жетекшісі «Қазақ туризмі» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлнар Кеңеева Бүкіләлемдік туристік ұйымның «Selling the Silk Road: unite and conquer» атты семинарына қатысып, әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының BBC, National Geographic, CNN басшыларымен туристік жобаларын талқылады.
Еске сала кетейік, «World Travel Market» (WTM) әлемдік жәрмеңкесі жыл сайын 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. 2016 жылы көрмеге туризм саласында 51 мыңнан астам маман қатысты. Көрменің қорытындысы бойынша WTM London 2016 қатысушылары стендтерінде 865 мыңнан астам іскерлік байланыстар орнатылған, жалпы сомасы 2,5 млрд. фунт стерлингке мәміле жасаған.