Қазақстан мақсатты әлеуметтік-экономикалық жоспарға және нақты бағдарға ие - Ислам ғылымдары халықаралық академиясының директоры М. Әл-Зугби

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандардың назарына Ислам ғылымдары халықаралық академиясының директоры М. Әл-Зугби мырзаның Қазақстан Президентінің Жолдауына қатысты жазған қысқаша жазбаларын ұсынады.
None
None

М.Әл-Зугби мырзаның атап көрсетуінше:

  • Қазақстан орнықты экономикалық прогреске қол жеткізіп отыр;
  • Қазақстан бірліктің үлгісі болып табылады;
  • Республиканың экономикасы 2000-2008 жылдардың аралығында екі есеге артып, соның арқасында жалақы мен зейнетақы өсіп отыр;
  • Қазақстанның қаржылық жүйесі халықаралық дағдарыстан зардап шеккен жоқ;
  • Экономиканы әртараптардыру мақсатында мақсатты индустриялық саясат жүргізіп жатыр және азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге талпынуда;
  • Астана университеті үш жаңа ғылыми орталыққа ие болады;
  • Кеден одағының есебінен Беларусь және Ресеймен аймақтық экономикалық ынтымақтастық арта түспек;
  • Қытай, Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Франция, Италия елдерінен шетелдік инвестициялар заттанып отыр.
  • Экономикалық жоспарлар кәсіпкерлік қызметті қолдау мақсаттары үшін жүзеге асырылуда. Сондай-ақ құқықтық жүйені қайта қарау ниеті бар.
  • Ел өндірістің үлесін жалпы ішкі өнімінің 13 пайызына дейін жететін тартымды бизнес-ортаға және экспортты 27 пайыздан 43 пайызға дейін жеткізуге талпынуда;
  • Денсаулық сақтау саласы Қазақстанда жүргізіліп отырған басымдықты саланың бірі. Сондай-ақ халық санын көбейтуге жағдай жасау талпынысы жасалмақ;
  • Қазақстан мақсатты әлеуметтік-экономикалық жоспарға және нақты бағдарға ие;

М.Әл-Зугби мырза өз ойын түйіндей келе, Жолдауды Ислам Конференциясы ұйымының барлық үш тіліне аударуға және елшіліктер арқылы Ұйымға мүше барлық елдерге таратуға» кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар