Қазақстан Мәскеу биржасының KASE-дегі 13 пайызын қайта сатып ала ма – Ұлттық банк жауабы

тимур сүлейменов
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов KASE-дегі (Қазақстан қор биржасындағы) Мәскеу биржасының үлесін қайта сатып алу мәселесіне пікір білдірді.

«KASE-нің 47 пайызы Ұлттық қорға тиесілі. Қалған жеке меншік қаржы институттарының иелігінде. Сондықтан шешімді жалғыз қабылдамаймыз. KASE қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде MOEX-пен де (Мәскеу биржасы), кез келген жол қарастырылып жатыр. Бәлкім сатып алу шарасы да болуы мүмкін», - деді Ұлттық банк басшысы. 

Сондай-ақ, ол Ресей рублін Қазақстанда конвертациялауға шектеу қойылмайтынын мәлім еткен еді. 

«Жоқ, қазіргі таңда шектеудің ешқандай қажеті жоқ. Өйткені біз көріп отырған құбылыс тек 1-2 процент көлемінде. Меніңше 1-2 процент үшін шектеу жасаудың ешқандай қажеті жоқ», - деді Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар
telegram