Қазақстан Мәскеу мен Санкт-Петербургке баратын пойыздарды не себепті тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев Мәскеу мен Санкт-Петербургке баратын пойыздардың не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Мәскеу мен Санкт-Петербургке баратын пойыздарды не себепті тоқтатты

"Аталған бағыттағы пойыздарды тоқтатудың себебі - теміржол мен әуе қатынасы бағасының бірдей болуы. (Ұшақтың билеті, шамамен 60 мың теңге болса, теміржолдың қызметі - 52 мың теңге (плацкарт), 72 мың теңге (купе). Алайда негізгі себебі - жолаушылардың аз болуы. Ондай жағдайда қалған шығынды тасымалдаушының өзі өтейді. Мәселен, осы жақтан шыққан пойызбен Мәскеуге барған адам аз болды, Ресейдің өзінде көп мінбейді. Барлық вагондардың тек 40 пайызында ғана адам болды. Сұраныс жылдан-жылға төмендеп келді. Ақыр соңында ол пойыздарды тоқтатуға мәжбүр болдық", - дейді Ә.Асаубаев.

Оның айтуынша, Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласына баратын пойыздар тоқтатылса да, Қазақстан азаматтары Ресей шекарасындағы қалаларға дейін барып, сол жерден Мәскеуге баратын пойызға міне алады. Ол үшін екі жақтың кестесі үндестірілді. 

Айта кетейік, ағымдағы жылы 72/72 Астана - Мәскеу, 107/108 Қарағанды - Киев және 39/40 Астана - Санкт-Петербург бағытындағы пойыздар тоқтатылған болатын.