Қазақстан мектептерінің 82 пайызы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республиканың 6036 мектебінде (82 пайыз) 1,8 млн. балаға немесе барлық оқушылардың 76 пайызына ыстық тамақ ұйымдастырылған, деп хабарлады ҚР білім және білім министрлігі Pm.kz сайты үшін.

Қазақстан мектептерінің 82 пайызы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

«Тегін ыстық тамақпен оқушылардың 33 пайызы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың жалпы санынан 200 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылған», - делінген хабарламада.

Бұл орайда тегін тамақпен қамтамасыз ету Ақтөбе (59,5), Батыс Қазақстан (85,9), Жамбыл (46) облыстарында және Астана қаласында (70,6) жоғары деңгейде жүргізілуде.

«Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету Астана мен Алматы қалаларының және Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарының барлық төменгі сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған», - делінген министрлік ақпаратында.