Қазақстан мемлекеттік құрылым мен ҮЕҰ өзара байланысы бойынша Орталық Азия елдері арасында үлгі бола алады - Ж. Тұрмағанбетова

bsp; Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑Қазақстан мемлекеттік құрылым мен ҮЕҰ өзара байланысы бойынша Орталық Азия елдері арасында үлгі бола алады. Бүгін ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы барысында «Адам құқығы үшін хартия» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағанбетова осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық барысындағы елдің ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) деп белгіленді. Бұндағы «сенім» ретінде - мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары арасындағы сенімділікті атауға болады. Ал «дәстүрге» келсек, қазақстандық ынтымақтастық жолын одан сайын дамыта түсу қажет. Өйткені, шындығында да Қазақстан мемлекеттік құрылым мен ҮЕҰ өзара байланысы бойынша Орталық Азия елдері арасында үлгі бола алады. Ал «транспаренттілік» мәселесінде - әсіресе еліміздің заң шығармашылығына қатысты мемлекеттік органдардың транспаренттілікті ұстанғаны маңызды болып табылады. «Толеранттық» мәселесі қоғам арасында ғана емес мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында да жақсы орнап отыр», деді Ж. Тұрмағанбетова.

Естеріңізге сала кетейік, «Адам құқығы үшін хартия» қоғамдық қоры ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі жөніндегі Консультативтік кеңестің бірлесе ұйымдастырушы әрі осы идеяның жүзеге асуына бастамашылардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар