15:02, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Қазақстан мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстық рәсімдерін жеделдетуге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеттік қызметке орналасудың конкурстық рәсімдерін жеделдетуге ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов Қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Үкімет басшылығынан осы мәселеге орай тиісті тапсырма берілген.
«Жаңғырту жөніндегі комиссия отырысында бұл мәселені талқыладық. Практика қазіргі конкурстық рәсімдерді оңтайландыру мен жеделдету қажеттігін көрсетуде. Қолданыстағы заңнамаға түзетуді талап ететін ұсыныстарды сараладық», - деді Т. Донақов.
Министрдің айтуынша, заңнамаға енгізуге пысықталған ұсыныстар тиісті конкурстық рәсімдерді жеделдетуге мүмкіндік береді.