Қазақстан мемлекеттік қызметкердің еңбегін төлеу жүйесін жетілдірді

«Нәтиже бойынша еңбекті төлеуге көшу тетіктерінің бірі әзірленіп жатқан факторлы-балдық меженің жобасы болып табылады. Қолданыстағы тарифтік кестеден айырмашылығына тоқталатын болсақ, факторлы-балдық жүйе орындалатын қызметтің ауқымын, жауапкершілігін және күрделігін ескере отырып, төлем жүйесін түзеді. Бұндай қадам атқарған жұмысқа теңдей жалақы ұстанымына толықтай жауап береді»,- деді А. Шайымова.
Сонымен қатар ол мемаппарат жұмысының нәтижесі үшін жауапкершілікті арттыру үшін мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалаудың жүйесі енгізілді. Оның қорытындысы бонустарды төлеу немесе қызметкерлерді ынталандыруға шешім қабылдау үшін негіз болады.
«А» корпусындағы мемлекеттік қызметкердің жұмысын бағалау жыл сайынғы келісім басымдықтарын жүзеге асыруға негізделген. «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерінің жұмысы жеке жоспар көрсеткіштері жетістіктерінің негізінде бағаланады», - деді ол.
Белгілі болғандай, «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерінің жұмысы жеке жоспар көрсеткіштері жетістіктерінің негізінде тоқсан сайын бағаланады. Биыл екі аралық бағалау іске асырылып, бұл ретте тиісті нәтижелер айқындалды. Бұндай бағалаудан 64,5 мың қызметкер өткен көрінеді. Осы ретте «өте жақсы» бағасын мемлекеттік қызметкерлердің 11 пайызы, «тиімді» көрсеткішін - 63 пайызы, ал «қанағаттанарлық» бағасын қызметкерлердің 26 пайызы алды.
Ал «А» корпусы қызметкерін алғашқы бағалау биылдың желтоқсанында жүрігізіледі.