18:47, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстан мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу бекетін ашады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.
2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:
- Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
- Өзбекстан Республикасымен (Целинный және Сырдария) шекара арқылы.
«Бұл ретте, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарға уақтылы коронавирус инфекциясынаа қарсы вакцинациядан не ревакцинациядан өтуді ұсынады»,-делінген хабарламада.