Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы ағылшын тіліндегі кітап шықты
Кітапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының егемен Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін бекіту мен нығайтудағы рөлі ашылған. Басылымда Елбасының басшылығымен елдің қалыптасу және даму процесі, мемлекеттік басқару институттарын құру мен жаңғырту кезеңдері айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде қазақстандық қоғамның жаңғыртылуы жан-жақты қамтылған.
Кітаптың онлайн таныстырылымы салтанатына ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асанов, ҚР Әділет министрі М.Бекетаев, ҚР Конституциялық кеңес мүшесі Ү.Шапақ, АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары И.Рогов қатысты.
Кітаптың ерекшелігі – оны құрастыруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған реформалар мен өзгерістерге тікелей қатысқан мемлекеттік және қоғам қайраткерлері атсалысты.
Шараға сонымен қатар Латвия Конституциялық сотының төрағасы И. Зиемеле, АХҚО ХТО Төрағасы Б.Доманн, АХҚО Академиялық кеңесінің мүшесі Әбдірайымов Б.Ж. және Ғылым академиясының тілтану мамандығы бойынша академигі Ш.Құрманбайұлы қатысты.