Қазақстан мен АҚШ арасындағы ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге түзету енгізіледі

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті.
None
None
Бұл заң жобасында жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимінің шараларын қолдаудағы Қазақстан Республикасы саясатының дәйекті жалғастыруының алдын алу рөлі жүктеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алдын алу мақсаты жаппай қырып-жою қаруларын жасауға, шығаруға және сынауға қатысты материалдардың, технологиялар мен ақпараттардың таралуын болдырмаудан, әлемдік аренадағы ядросыз ел деген оң имиджін қолдаудан тұрады.Келісімнің шеңберінде Америка Құрама Штаттары республиканың әлеуметтік және экономикалық саласына оң әсер ететін қаржылық, техникалық және өзге де көмек көрсетеді, атап айтқанда бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында ядролық сынақтар жүргізудің зардаптарын жою және оңалту, ядролық материалдарды экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін құру, ядролық материалдарды қауіпсіз кәдеге жарату және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, биологиялық зерттеулердің бірлескен бағдарламасын іске асыру, объектілерде биологиялық қауіпсіздікті нығайту арқылы қауіпті патогендік ауру жұқтыратын микроорганизмдер мен штамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер шешілуде.Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қорытынды әзірлейтін болады.
Соңғы жаңалықтар