Қазақстан мен АҚШ кәсіпқой бокшылары арасындағы матч 4:2 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыздың 5-і күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында АҚШ пен Қазақстанның кәсіпқой бокс шеберлері арасында халықаралық матч өтті,

 Қазақстан мен АҚШ кәсіпқой бокшылары арасындағы матч 4:2 есебімен аяқталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаршы алаңға бірінші боп шыққан Тұрсынбек Сыдықов Альберто Филисианоны техникалық нокаутпен ұтты. Алайда оның жеңісті жолын жалғастыра алмаған Берік Қалиев Хулио Сеза Ренгеге, Абзал Адамбеков Дил Гарсияға ұпай саны бойынша ұтылды. Осылайша жарыс қожайындары 1-2 есебімен басымдық ала бастаған кезде Иса Ақбербаев Исаак Вилануэвоны, Міржан Жақсылықов Аванто Гонсалестің осал тұсын тапты. Соның нәтижесінде 4-2 боп аяқталған бұл кездесу қазақстандық боксшылардың пайдасына шешілді. Халықаралық матч кезінде ережесіз жекпе-жек шеберлері арасында да сайыс өтті. Онда әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назаров Роки Логаны есінен тандырды.