Қазақстан мен АҚШ ҚК арасында ынтымақтастықтың басымдықты бағыттары белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығы Құрлық компонентінің қолбасшысы генерал-лейтенант Майкл Гарретпен кездесуі өтті.
None
None

Жүздесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты әскери ынтымақтастығының ағымдағы өзекті және перспективалық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

null 

Атап айтқанда, 2018-2022 жылдарға арналған бес жылдық жоспардың жаңа жобасымен жұмыс жасау тілге тиек етілді. Соның ішінде, әскери-далалық медицина, инженерлік-саперлік бөлімшелердің жеке құрамын даярлау саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын өрістету бойынша ортақ мәселелер талқыға салынды.  Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар қазақстандық бітімгершілік әлеуетті нығайту аспектілері мен өңірлік қауіпсіздіктің жалпы мәселелерін қозғады.

Ресми сапар шеңберінде американдық делегацияның  ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығына және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне баруы жоспарланғанын айта кеткен жөн. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов, сондай-ақ, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы  генерал-майор Асхат Рыспаев  АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығы Құрлық компонентінің қолбасшысы  генерал-лейтенант Майкл Гарретпен екіжақты кездесу өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар