Қазақстан мен Аргентинаның бірінші ракеткалары Астанада күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні ҚР Ұлттық музейінде теннистен Девис Кубогы ойындары қарсаңында Қазақстан және Аргентина ұлттық командаларының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстан тенис федерациясынан.

Қазақстан мен Аргентинаның бірінші ракеткалары Астанада күш сынасады

Девис Кубогының жеребе тарту рәсімі жаңа форматта, қазақы нақышта өтеді деп жоспарлануда. Шараға Аргентина теннис федерациясының президенті Арманда Червоне, Халықаралық тенис федерациясының өкілі Ингрид Лофдаль-Бенцер, Дэвис Кубогының бас төрешісі Роберто Раньери және Қазақстан мен Аргентина командалары қатысады.

Теннистен Қазақстанның Ұлттық құрамасы сапында Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Денис Евсеев және команда капитаны - Диас Досқараев бар. Ал Аргентина құрамасының намысын Диего Шварцман, Гвидо Пелья, Иассимо Гонсалес және Андрес Молтени сынды теннисшілер қорғайды. Аргентина құрамасының капитаны - Даниэль Орсанич.

Айта кетейік, 15-17 қыркүйек күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының Әлемдік тобына өту үшін Қазақстан-Аргентина арасында плей-офф матчы өтеді.