Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс қашан ұша бастайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылмақшы. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті.
Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Аустриядағы елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Аустрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.
Бұрын хабарланғандай Қазақстан мен Марокко азаматтары енді елге визасыз кіре алады.