Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Әзербайжан арасында тағы 2 жаңа әуе бағыты ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, алдағы уақытта Ақтөбе мен Атыраудан Бакуге жаңа тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Кипрмен әуе қатынасы ашылады
Фото: Көлік министрлігі

Министрліктің мәліметінше, халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

– Биылғы 16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет тұрақты рейстерді орындай бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы апталық рейстер саны 30-дан 33-ке дейін артты, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, жаңа бағыттардың іске қосылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, тамыздан бастап Астана – Анкара бағытындағы ұшақ күн сайын қатынайды.