Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ойыннан не күтеміз

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Руслан Балтиев Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзербайжанға қарсы өтетін жолдастық ойын жайлы пікірімен бөлісті.

Руслан Балтиев
Фото: sports.kz

Балтиевтің айтуынша, қазақстандықтар әзербайжандықтармен бірнеше рет ойнаған. Соңғы рет екі жыл бұрын кездескені белгілі. Сондықтан да, қарсыластан тайсалмайтынын атап өтті.

«Әзербайжан құрамасымен әрқашан қызықты текетірестерге тап болдық. Біз олармен бірнеше рет ойнадық және қарсыластың жеңіске деген құштарлығымен ерекшеленетінін білеміз. Артықшылық бізде де, оларда да болды. Бұл жолы да солай болады деп ойлаймыз. Бұл екі қарсылас үшін де қиын, бірақ қызықты матч болады», - деді Балтиев.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуі қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетін жазған едік.