Қазақстан мен Әзербайжан автомобильмен жолаушы тасымалдау мәселесін қарастырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан аралас комиссиясының отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Делегациялар 2017 жылғы автомобильмен тасымалдау көлемі туралы мәліметтермен, арнайы рұқсаттамаларды пайдалану ақпаратымен алмасып, басқа да мәселелерді талқылады.
Қазақстандық және әзербайжандық тасымалдаушылар арасында рұқсаттамаларды пайдалану тепе-теңдігі сақталғаны айтылды. Үшінші елдерге тасымалдауда әзербайжандық тасымалдаушылар басым болса, транзиттік тасымалдауда - қазақстандықтар басым. Екі ел арасында жолаушылар тасымалы жоқ. Бірақ делегациялар жолаушыларды автомобильмен тасымалдау мәселесін реттеу қажеттігі туындаған жағдайда қарастырылатынын атап өтті.
Екі ел екіжақты тасымалдар мен транзиттік жүріп өту үшін 2018 жылға 1 000 дана көлемінде рұқсаттамалармен алдын ала алмасу белгіленді. Үшінші елдерден ге 300 дана көлеміндегі рұқсаттама келісілген.