Қазақстан мен Әзербайжан экспорттық-импорттық тауарлар тізілімін кеңейтуге уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан экспорттық-импорттық тауарлар тізілімін одан ары кеңейту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдауға уағдаласты.
None

Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарты жылдан астам уақыт бұрын Стратегиялық серіктестікті тереңдету және одақтастық қарым-қатынасты кеңейту жөніндегі декларацияға, 2022-2026 жылдарға арналан ынтымақтастықты дамыту кешенді бағдарламасына, сонымен қатар өзге де бірқатар құжатқа қол қойдық. Қазір осы уағдаластықтың барлығы рет-ретімен өмірде жүзеге асырылып жатыр. Екіжақты қарым-қатныасты кешенді нығайтуға қызмет етуге бағытталған Жоғары мемлекетаралық кеңес құру маңызды шешімге айналды», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан Әзербайжан сауда-экономикалық салада өзара тиімді негізде ынтымақтасатындығын атап өтті.

«Біз өткен жылдың қорытындысында елдеріміз арасындағы тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтағанын қанағаттанушылықпен атап өттік. Дегенмен, сауда-экономикалық серіктестік әлеуі әлі түгескен жоқ. Біз экспорттық-импорттық тауарлар тізілімін одан ары кеңейту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдауға уағдаластық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
Референдум