Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде жолаушылар тасымалын жандандырмақ

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел мәлімдеді.

Вспышка норовируса: еще один круизный лайнер изолировали в Европе
Фото: The Insider

Дипломаттың айтуынша, Қазақстан тарапы Әзербайжанға Құрық – Баку – Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынды. 2020 жылға дейін жүзеге асырылған бұл тасымалдар COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Әлім Байел паромдық тасымалдау тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына 1500-ге жуық жолаушы жүргенін атап өтті. Ол алдағы уақытта осы бағыт бойынша саяхаттауға ниет білдірген жолаушылардың саны артатынана сенім білдірді. Паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Елші Әзербайжан тарапының Қазақстанның ұсынысын қолдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын шұғыл қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Бүгінде Баку мен Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалары арасында аптасына 37 әуе рейсі қатынайды.

Осыған деййін Қазақстан мен Әзербайжан экономиканың жаңа моделін қалай қалыптастырып жатқаны туралы жаздық.