Қазақстан мен Әзербайжан қатынасында маңызды кезең басталды - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан қатынасында маңызды кезең басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапарына орай Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшы-менеджері Олжас Бейсенбай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысы Әзербайжанға мемлекеттік сапармен алғаш рет барып отыр. Бұл, екіжақты қарым-қатынастың 30 жылдығы алдындағы маңызды іссапар деп ойлаймын. Бүгін Әзербайжан Президенті өзінің ресми резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатпен қарсы алды. Меніңше, қазіргі кезеңде біздің осыған дейінгі тарихи, рухани бауырластығымызды қорытындылай отырып, жаңа стратегиялық әріптестік деңгейіне шығаруға үлкен мүмкіндік туып отыр. Оған бірінші себеп қазіргі кезеңдегі геосаяси жағдай мен санкциялық текетірестер бар. Сондықтан біздің сыртқы сауда экономикалық байланысымызда Әзербайжан арқылы өтетін транскаспий халықаралық көлік бағыты үлкен маңыз атқарады. Біз осыған дейін білетініміздей, Баку-Тибилиси-Карс темір жолы бағыты Қытайдан келетін тауарларды Түркияға Қазақстан арқылы 12 күнде жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстанның транзиттік әлеуеті жоғары», деді ол.

Сарапшының дерегінше, соңғы 2-3 айдың ішінде өзара ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, Достық-Мойынты учаскесінде темір жол құрылысы, Ақтау портындағы контейнерлік хабтар және басқа да бәсекеге қабілетті бағыттарды дамытуға назар аударылуда. Яғни, қазіргі кезде қолданыстағы жолдарға балама бағыттар құруға назар аударылып отыр.

«Қазақстан Әзербайжан қарым-қатынасында үлкен маңызды кезең басталды деп ойлаймын. Осыған дейінгі деректерге қарайтын болсақ, 2022 жылдың 4 айында транскаспий бағыты арқылы жүк тасымалы 733 мың тоннаға, яғни 5 мыңнан астам вагонға жеткен. Осы көрсеткіш біздің әлеуетіміздің толық ашылмағандығын көрсетеді. Бүгінгі кездесуден кейін ол жаңа жобалармен, келісімдермен тың серпін алатындығын толық сеніммен айтуға болады», - деді Олжас Бейсенбай.


Фото: akorda.kz



Соңғы жаңалықтар