Қазақстан мен Әзербайжан кедендік рәсімдерді оңтайландыруға ниетті

БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі мен Әзербайжан Мемлекеттік кеден комитеті Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Тараптар кедендік операцияларды жүзеге асыруды жылдамдату мен оңтайландыру үшін алдын ала ақпарат берудің маңыздылығын мойындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бакудегі меншікті тілшісі.

Қазақстан мен Әзербайжан кедендік рәсімдерді оңтайландыруға ниетті

Бұл туралы төраға орынбасары Ғосман Әміриннің жетекшілігімен Әзербайжанға барған Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының жұмыс сапары аясында хабарланды. Сонымен бірге, қазақстандық делегацияның Әзербайжан кеден комитетінің жетекшілігімен екіжақты кездесуі өтті, онда кедендік іс саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркия Республикасының Кеден және сауда министрлігі арасындағы уәкілетті экономикалық оператор бағдарламаларын өзара тану туралы шаралар жоспарына қол қойды.