Қазақстан мен Әзербайжанның хореография саласында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның астанасы Бакуде жұмыс сапарымен жүрген бірінші ректор Г.Алдамбергенова бастаған «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ҰАҚ делегациясы Баку хореография академиясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Қазақстан мен Әзербайжанның хореография саласында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Сонымен қатар, сапар барысында  екі жоғарғы оқу орны арасында Қазақстан мен Әзербайжанның хореографиясын дамыту саласында ары қарайғы ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.

Кездесуде тараптар студенттерді айырбастап оқыту, әкімшілік пен педагогтардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ ғылыми тағылымдама және екі ЖОО арасында хореография мен балеттану саласында шеберлік сыныптарын жүргізу бойынша бағдарлама жасау жайын талқылады.