Қазақстан мен Әзірбайжанның СІМ басшылары алдағы ЕҚЫҰ Саммитінің мазмұнды болуы мен Саммит дайындығын талқылады
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 29 қараша күні Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Сұхбаттасушылар алдағы ЕҚЫҰ Саммитінің мазмұнды болуы мен Саммит дайындығын талқылады. Қ.Саудабаев пен Э.Мамедьяров жоғары деңгейдегі бұл кездесуде ЕҚЫҰ-ның болашақтағы даму перспективаларын ғана анықтап қоймай, Ұйымның жауапты кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың нығаюына айтарлықтай үлес қосатын нақты шешімдердің зор маңызын атап өтті.