Қазақстан мен БАӘ «Ақтау» теңіз порты мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесіп дамытады - Үкіметтік делегацияның сапары

ӘБУ-ДАБИ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен DP World жаһандық порт операторы арасында ықпалдастық туралы келісімге қол қойылды.
None
None

Аталмыш құжатқа қол қою Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған ҚР үкіметтік делегациясының БАӘ-ға жұмыс сапары барысында өтті.

Келісімге қазақстандық тараптан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, ал әмірліктер атынан DP World холдингі басқармасының төрағасы Султан Ахмед бин Сулайем қол қойды.

DP World (Dubai Port World) - әлемдегі ірі порттық оператор болып саналады. Ол Дубайдың «Джебель Али» еркін экономикалық аймағына негізделген. Компания әлемнің 31 мемлекетінде жұмыс істеп тұрған алпыс терминалды басқарады. DP World кірісінің 80 пайызға жуығы контейнерлік тасымалдардың еншісінде.

Қазақстандық делегацияны қарсы алған Султан Ахмед бин Сулайем DP World холдингінің Қазақстан Республикасымен әріптестігінің зор келешегіне тоқталды. Еліміздегі «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы және «Ақтау» порты жобасын жүзеге асыруға қатысу дубайлық кәсіпорын қызметінің басым бағытына айналуы мүмкін.

«Қазақстан Қытайдың артып отырған экономикасы мен Еуропа нарықтары арасында тиімді орналасқан. Онымен қоса, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сауатты сыртқы саясатты жүргізіп отыр, ал қазақстандықтар жақсы интеллектуалдық әлеуетке ие», - деп атап өтті С.Сулайем.

«ҚТЖ ҰК» АҚ мен DP World-тығ ықпалдастығынан бөлек, қазақстандық делегация БАӘ-де Астанадағы «Әбу-Даби плаза» көпфункционалды кешенін жүзеге асыру мәселелерін де талқылады. Әбу-Дабиде ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ә. Исекешев аталмыш жобаның басты инвесторы әмірліктің жетекші кәсіпорны «Алдар пропертиздің» өкілдерімен кездесті.

Әмірлік тарап Орталық Азиядағы ең биік ғимаратқа айналатын «Әбу-Даби плаза» кешеніне 1,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы құйып отыр. Кешеннің басты ғимараты 77 қабатты құрап, ұзындығы 350 метрден асып жығылмақ. «Әбу-Даби плазада» қонақ үйлер, кеңселер, тұрғын үйлер, сауда орталықтары, қысқы бақ және т.б. орналасады. «Алдар пропертиз» кәсіпорнының өкілдері жоба Қазақстанның бас қаласындағы EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесіне дейін қолданысқа тапсырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен БАӘ бірлесе жарғылық капиталы 500 млн. АҚШ долларынан асатын «Әл-Фалах» тікелей инфестицияның қазақстандық-әмірлік қорын құрды.

Соңғы жаңалықтар