Қазақстан мен Беларусь 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамытудың Жол картасын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның Гомель қаласындағы отырысы барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасын бекітті, деп хабарлайды pm.kz.

Қазақстан мен Беларусь 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамытудың Жол картасын бекітті

Аталған құжатқа Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский  қол қойды.

Б. Сағынтаев хабарлағандай, отырыс барысында 2014-2016 жылдарға арналған екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту іс-шараларының Жол картасы өндіріс саласында, соның ішінде халықаралық қатынастағы машина құрылысы, өндіріс, ауылшаруашылық және техникалық өнеркәсіп, сондай-ақ көлік, сәулет және құрылыс салаларында екі жақты өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды.

«Аталған Жол картасы шеңберінде осы бағыттағы іс-шарада қарастырылған өндірістік кооперация, тауарды өзара тасымалдау және қызмет, ауыл шаруашылығы, көлік, халықаралық ынтымақтастық, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б. 64 бірлескен өнеркәсіп жобалары іске асырылуда», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.