Қазақстан мен Беларусь әскери-техникалық ынтымақтастықта бірлескен жобаны іске асырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь делегациясымен келіссөздер барысында өндірістік байланыстарды күшейтуге баса назар аударылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте сегіз бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Біз осы компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық», - деді Қазақстан Президенті

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы және әскери-техникалық ынтымақтастық салалары бойынша қосымша бірлескен екі-үш жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

«Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ-беларусь бизнес-форумы іскерлік байланыстарды ілгерілетуге тың серпін берді. Форумның қорытындысы бойынша 11 келісімшартқа қол қойылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар