Қазақстан мен Беларусьтің қорғаныс саласындағы өнеркәсіп ұйымдары кооперациясы туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.