Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 523 млн доллардан асты

бизнес-форум
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Қазақстан-Бельгия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысы басталды. Шараға Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік және жеке шаруашылық субъектілері басшылығының өкілдері мен 20-дан астам бельгиялық компания қатысып жатыр.

«Бенилюкс» сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаевтың айтуынша, Бельгия Қазақстан үшін ЕО-дағы негізгі сауда серіктесі.

2023 жылдың қорытындысы Қазақстан мен Бельгияға арасындағы тауар айналымы 523,7 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Қазақстандық өнімдердің Бельгия нарығына экспорты 220,7 млн доллар, Бельгиядан импорты – 303 млн доллар болды.

«Былтыр Бельгиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,006 млрд АҚШ долларын құрады. 2013 және 2023 жылдың бірінші тоқсаны аралығында ТШИ көлемі 10,2 миллиард доллардан асты. Осылайша, Бельгия Қазақстанның экономикасына ірі инвесторлар тізімінде 6-шы орында тұр», - дейді Әнуар Құржықаев .

бизнес-форум
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Бүгінгі таңда Қазақстанда 70 бельгиялық компания жұмыс істейді. 

Еске салайық, Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Бельгия Корольдігіне жасаған сапары барысында құрылды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram