Қазақстан мен Бенин арасында бірқатар меморандумға қол қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакаридің мемлекеттік сапары барысында екі ел арасында бірқатар құжатқа қол қойылды.

- Қазақстанның сыртқы істер министрі Бенин Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз үлкен әлеуетке ие. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі, көлік логистикасы, инвестиция және жаңа технология салаларында мол мүмкіндік бар. Бүгін қол қойылатын дипломатиялық және саяси консультациялар туралы меморандум сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара ықпалдастықтың аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мейманмен кездесу барысында.
Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы істер ведомствосының басшылары екіжақты меморандумдарға қол қойды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстанға Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакари келді.