Қазақстан мен Чехияның әріптестік байланысы дами түспек

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Берджих Копецки мырзамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс төрағасы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі шешім қабылданарда Чехия тарапынан қолдау жасалғаны үшін ризашылығын білдірді. «Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық байланыс дамып келеді. Алайда, әлі де оның қарқынын арттыра түсуге мүмкіндік бар»,- деді О.Мұхамеджанов. Еліміздің Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 259,2 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 73,1 млн доллар, импорт 186,1 млн долларды құрап отыр.Чех елінің капиталы қатысуымен Қазақстанда 72 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда елімізде Чехияның 16 фирмасының өкілдігі тіркелген.Палата жетекшісі қазір шетелде білім алып жатқан қазақстандық жастардың 500-і Чехияда екенін, оның ішінде 80 студент «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқанын айтып өтті.Тараптар алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге толық мүмкіндіктер бар екенін атады.
Соңғы жаңалықтар