Қазақстан мен Доминикан арасында өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас Прокурор Жақып Асанов Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Октавио Варгас Мальдонадо мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ж. Асанов қазақстандық қадағалау органы қызметінің мәртебесі мен негізгі бағыттары және басымдықтары туралы айтып береді. Құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау, сотталғандарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы қол жеткізген жетістіктер мен перспективалары туралы баяндады.
Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы өзара іс-қимыл жасауды дамыту перспективаларды талқылады. Доминикан әріптестеріміздің қарауында қылмыстық істер, сотталған адамдарды экстрадициялау, беру бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты шарттардың жобалары бар.
Кездесу барысында қылмыстық-құқықтық саладағы ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз болатын Қазақстанның Бас Прокуратурасы және Доминикан Республикасының арасында институционалдық өзара ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.