Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісімге байланысты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы мүмкін

Талқылау барысында сенатор Икрам Адырбеков Қазақстанда бұған дейін «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама болғанын алға тартып, оның нәтижелерін сұраған болатын.
«Үш жылдық бағдарламаның жүзеге асырылуын оң бағалаймыз. «Еуропаға жол» атты бағдарлама Қазақстанды жаңғырту кезеңінде заңнаманы жетілдіру, стандарттарға бейімделу бағытында үлкен рөл атқарды. Ал жаңа келісім күшінен енгеннен кейінгі мәселеге келсек, алдағы уақытта біз жаңа бағдарлама қабылдауды ойлап отырмыз. Бұл мемлекеттік немесе салалық болатынын әлі айта алмаймыз, дегенмен, бұндай ауқымды келісімді жүзеге асыру үшін ауқымды бағдарлама мен шаралар жоспары керек болатыны анық», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
Оның айтуынша, келісім күшіне енгеннен соң оны жүзеге асыру жоспары қабылданады. «Тұтастай алғанда Еуропалық Одақ бұндай келісімді ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанмен жасап отыр», - деді Р. Василенко.