Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Болгария мен Румынияның қосылуы туралы хаттама мақұлданды - Мәжіліс
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2007 жылдың қаңтарынан бастап Болгария мен Румынияның Еуропалық Одақ құрамына енуіне байланысты қолданыстағы Қазақстан мен Еуроодақ мемлекеттері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің заңдық күшін аталған екі елге де қолдану қажеттігі туындап отыр. Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Болгария мен Румыния мемлекеттерінің қосылуы туралы хаттамаға Қазақстан мен Еуропалық тараптың қол қоюы 2008 жылдың қыркүйегінде Брюссель қаласында жүзеге асқан болатын. Ал 2008 жылдың желтоқсанында Еуропа тарапы аталған келісімге қатысты өздерінің мемлекетішілік үдерістерін аяқтағанын мәлімдеді. Бұның өзі Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті шаралардың жасалғанын білдіреді», деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР СІМ орынбасары Константин Жигалов.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.