Қазақстан мен Еуропа елдеріндегі бензин бағасы салыстыруға келмейді - Қанат Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бензиннің төмен бағасын қалайтын болсақ, онда жанармай шектеулі болатындығын естен шығармауымыз қажет. Бүгін халықпен есепті кездесуін өткізіп жатқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қанат Бозымбаев өз сөзінде Энергетика министрлігінің басты міндеті жанармай тапшылығын болдырмау және нарықты отымен қамтамасыз ету екендігін баса айтты.

«Барлығымыз да нарықтық экономиикада өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі. Түркіменстанды қоспағанда қалған төртеуінің жанармай құю бекеттеріндегі баға бізден біршама жоғары. Егер де біз төмен бағаны қалайтын болсақ, онда бұл жағдайда жанармай шектеулі болатындығын түсінуіміз қажет. Мен Еуропа елдердегі жанармай бағасы мен Қазақстандағы бағаны салыстырмаймын да. Өйткені елдер арасында кіріс деңгейінің айырмашылығы жоғары екендігін түсінемін», - деді ол.

Дегенмен, министр Қазақстандағы жанармай бағасы ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен көрсеткіш екендігіне нық сеніммен айтатындығын атап өтті.

«Министрлік тарабынан баға құрылымдаудың барынша таза болуына қол жеткізуге және ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикалық рентабельді жағдайын жасауға тырысатындығымызды баса айтқым келеді. Ол үшін мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығы сынды бірқатар тетіктерді қарастырудамыз және салық саясатына болашақта өзгертулер енгізбекпіз», - деді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар