Қазақстан мен Франция арасында сыртқы істер министрліктері аралық консультация өтті
НҰР-СҰЛАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Францияның Сыртқы істер министрлігі аралық консультациялардың 8-ші раунды бейнеконференция түрінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға қатысқан Қазақстан делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев және француз жағына Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Континенттік Еуропа департаментінің директоры Фредерик Мондолониді басшылық етті.
Келіссөздер барысында тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтуға өзара қызығушылық танытты. Бұл ретте стратегиялық әріптестік рухында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақты бейілділік расталды.

Қазақ және француз дипломаттары екіжақты күн тәртібінің бүкіл ауқымы бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери және қорғаныс, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда пікір алмасу жүргізді. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.
Сонымен қатар, консультацияға қатысушылар парламентаралық диалогты жандандыру жолдары мен шарт-құқықтық базаны кеңейту жөнінде сұхбаттасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сенімді саяси диалог пен дәстүрлі белсенді экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру бағытына өздерінің бейілділігін растады.