Қазақстан мен Франция арасындағы парламентаралық байланысты дамыту мәселелері сөз болды
СТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Парламентіне Франция Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырза келді. Дипломатты ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов оның өтініші бойынша қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде парламентаралық байланысты дамыту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы қазіргі жағдайға баса көңіл бөлінді, Қырғызстандағы мәселелер де айтылды.